» Страница 3

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ ЕКІ КЕЗЕҢДЕ ӨТЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ

Автор: admin от 15-11-2018, 06:12, посмотрело: 579

0

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ ЕКІ КЕЗЕҢДЕ ӨТЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ

Категория: Оқушыларға

 

Мектеп директоры

Автор: admin от 15-11-2018, 06:12, посмотрело: 731

0

 

Мектеп директоры

Мектеп директоры
Есімханов Алдаберген Құдиярұлы


 

 Өмірбаян


Есімханов Алдаберген Құдиярұлы 1963 жылы 13 маусымда туылғанмын.

1980 жылы – «Заветы Ленина» атындағы орта мектепті бітірдім.

1980 – 1982 жылдары «Красная Звезда» кеңшарында жұмысшы болып істедім, 1982-1984 жылдары – Кеңес Армиясы қатарында борышымды өтеп, 1985 жылдың қаңтармен тамыз айның аралығында Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс істедім. 1985 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Мәметова атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмысқа орналастым. 1990 жылы М.Әуезов атындағы педагогика институтын «Тарих» мамандығы бойынша бітірдім.

1993 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Мәметова атындағы орта мектебінде директор қызметін атқарып келемін. Отбасылы 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр. Атқарған қызметінде өзін білімді және білікті, жұмысына жауапты, ұқыпты маман екендігін көрсете білді.

2006 жылы Қазақстан Республикасы «Білім күні» мерекесінің құрметіне және дәстүрлі тамыз кеңесінде ерекше сіңірген елеулі еңбегі үшін» Мақтарал ауданы әкімінің, 2007 жылы «Жас жеткіншектерге терең және тиянақты білім мен өнегелі тәрбие берудегі жемісті еңбегі үшін» Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің,2008 жылы «Жаңа ақпараттық технологияларды мектеп жұмысына енгізудегі еңбегі үшін» Мақтарал ауданы әкімінің, 2009 жылы Аудан әкімінің, 2010 жылы Облыстық Білім басқармасының, 2012 жылы Аудандық білім бөлімінің, 2013 жылы Мақтарал ауданы Қарақай ауылдық окург әкімінің, 2014 жылы Аудандық білім бөлімінің, 2014 жылы «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиялы. Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру иниститутының, 2015 жылы Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

 



 


Категория: Мектеп директорының блогы

 

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 15-11-2018, 06:12, посмотрело: 739

0

 

Мектеп әкімшілігі

 Директордың оқу  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Уркумбаева Гулжан Рахымқызы

 


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Бейсебаева Жанар Нұрланқызы

Мектеп әкімшілігі

 

Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары

Тастенов Ғани Бердиевич



Мектеп әкімшілігі

 



Педагог-психолог

Досаева Меруерт Алтынбекқызы

Мектеп әкімшілігі

 

Аға тәлімгер

 

Мырзанов Ердәулет Асқарұлы




 

Категория: Әкімшілік

 

Біздің жетістіктер

Автор: admin от 15-11-2018, 06:12, посмотрело: 725

0
Біздің жетістіктер

Категория: Галерея

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 15-11-2018, 06:07, посмотрело: 531

0 Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі, Қарақай ауылы, И.Балабаев көшесі №4

Категория: Мекен жайымыз

 

МАМАНДЫҚТЫ ОЙДАҒЫДАЙ ТАҢДАУ ҮШІН ОҚУШЫ НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?

Автор: admin от 15-11-2018, 05:53, посмотрело: 421

0
МАМАНДЫҚТЫ ОЙДАҒЫДАЙ ТАҢДАУ ҮШІН ОҚУШЫ НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?
 
 «Өскенде кім болғың келеді?», – бұл сұрақ үлкендердің кішкентай балаларға қойғанды жақсы көретін ең кең таралған сұрақтардың бестігіне кіреді. Мектептік өмір көзді ашып – жұмғанша өтті де кетті, ырқымызға бағынбай қоштасу кеші де, ҰБТ да жақындап келеді, ал "Кім болам” деген сұрақ түлекті де, оның ата – анасын да одан бетер алаңдатуда. Сол кезде адаспай өз мамандығымды қалай табуға болады деген сұрақ туындайды.
Кісәби білімсіз шектеулі қызмет аясынан шығалмай, беделді әрі жоғары ақылы жұмысқа қол жеткізе алмайсың. Мамандық таңдауға қажеттілік деп қарамай, жаңа қызықты өмір кезеңінің басталуы деп қабылдау керек. Жұмыс  пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен!        Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау-болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол-өзінің ішкі жан-дүниеңе үңілу, яғни, менің мықты және әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауабың. Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары:
• мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;
• бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы);
• қабілеттер, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау;
• ата-ананың, отбасының көзқарасы;
• құрбы-достарының көзқарасы;
• мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы;
• жеке кәсіби жоспар-адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.
      Сондықтан, ең алдымен қызықтыратын мамандықты анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге қажет білім деңгейі туралы ойлану керек. Ал оқу орнын таңдау мәселесі-ең соңғы кезең болып табылады.
Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:
1.Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.
2.Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
3.Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кезкелген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.
4.Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғандағана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
5. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарынағана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.
6.Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
7.Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!Сенің ойларыңның дұрыстығына көз жеткізу үшін өзшешіміңді достарыңмен, ата – анаңмен, мұғалімдермен, психологпен, профкеңесшімен талқыла.
  Әрадамның өзіндік құрылымдық ерекшеліктері бар, дегенмен қатып қалған заңдылық жоқ болғандықтан, уақыт өтекеле оларда өзгеретіні сөзсіз. Даму ерекшеліктеріңнің психологиялық көрсеткіштерінің «затқа айналуы» және бейімдік тест болашақ мамандыққа дайындық жасауға және өз қабілеттеріңнің құрылымы, дамуындағы түзетуді қажет ететін кейбір кемшіліктерді дер кезінде көруге мүмкіндік береді.
"Сыныптағы оқушыңыз-күлдіргіш "сайқы мазақ" болған жағдайда"
Бала-шағалар-күлдіргіш, бала-шағалар-сайқымазақтар - адақ қандай сынып олармен алалайды. Тәжірибесіз мұғалиманың, қашан сабақта мынадай "әртіс" отырады, жұмыс азаппен болады. Айтылмыш ұсыныстар педагогтарға шық- тәртіптің үйлесімді қалыбын осы жағдайда көмектеседі. бала-шағаға превентивті көңіл көмектеседі. Сендер білсеңдер, не сыныпта сөзсіз көрпе себя" "созу баста- бала болатын, тура ара түп уделите оған дербес пристального көңілдің минутын сабақтың(жаңа тақырыптың, сұрақтың түсіндірмелері)., похвалите үшін көмекті, пішінді, ескі табыстарды, поинтересуйтесь оның пікірінің, және постойте қатар, ти-, туралы чем-нибудь сұра- жайдан-жай жола- көздерге деген қара-. Сол уақыттың өте тиімді шығысы, себебі көбіне осы минуттың "порции" бол- баршылық, чтобы следующий
* анда-санда өте жөн "құпияның ақылы" : таңдап ал- кез және туралы ана, как сендерге оның түпкілікті қылықтары ара сыныпта срабатывает мен баламен поговорите араластыр-, сияқты сендер от осы шарша- және еңсесі түс-, не қалған бала-шаға бірнәрсе недопонять, емес қара- біл-. әншейін мынадай үлгінің ребята тіпті емес ашуқор, олар өте тірі және аянышты на сендердің арыздарыңа деген назар аударады және ашық өзінің тәртібін - ғана ештеме мен собой поделать жөндеу қалайды емес біл-. Келісіп ал-, не сендер қарсы қиянатсыз әзілдердің болмайсыңдар, жиһазды сыныпта ыдыратушылардың, бірақ сияқты ғана оқушы бастайды 
* Тұр- мехнаттар көмектеспесе, тырысып көр-, чтобы сендердің "жазалаушы шараларың" истериялық тәртіпті подкрепляли, ал жаза бір актердің театрына деген айналмады. Болады дейін адақ сабақтың отсадить оқушы олай, чтобы қалған бала-шағалар ол тұратын көрмеппін орындыққа, тапсырма беру болады қосымша жазба тапсырманы - чтобы бастар көтеру білмеді. Аулақтау түбегейлі ұзақ қойылымның: сыныптан" деген "шық-! - "жоқ, ал нені мен алқындырдым"?, қарамастан және бес олай реттер ша ауқымға, сол себептен тәуір айтар-айтпастан сөзсіз шығар-. Баланың қылықтарының көп көңілді уделяйте. Тез, қысқа, жолға қоясыңдар
* Не арада коем уақиғада бетіменкетушіліктің "обаяшки" режимін мынадай үшін жасамаппын. Подкреплять керекке оның жаман өмірлік стратегиясын. Сияқты бы высокохудожественно ол не өкінді және сияқты бы егілтетін не күлді, нып-нық майыстыр- өзінің сызығының: ылғи барлық үшін правила, қарамастан және саған придется оларға ер-. Саған мен жөн қараймын, бірақ сенің тәртібіңнің шыдау болмаймын.
* Қашан оқушы себя жөн(қарамастан немесе тым бы приемлемо) вело, сөзсіз оған деген қарау мүмкіндікті, күл-, поговорить тап-. Оның басында ойраңдау түбегейлі надұрыс байланысты "паясничаю - көңілді аламын, томпай- - мен сияқты бы болыппын" және ауыстыр- оны сырт: "паясничаю - оқшауда оказываюсь, вело себя жөн - көңілді және құрметтеушілікті" аламын.

Категория: Оқушыларға

 

Ата-анаға

Автор: admin от 15-11-2018, 05:37, посмотрело: 431

0 Ата-анаға




Ата – аналарға арналған 10 кеңес
1. Баланы өзің сияқты болғанын немесе сен қалағандай болғанын күтпе.өзі жеке тұлға болып қалыптасуына көмектес.
2. Балаң үшін істеген істеріңе ақы сұрама. Сен оған өмір бердің. Сол үшін ол саған қарыз ба? Бұл – өмірдің заңы. Ол да біреуге өмір береді.
3. Баланың өмірін өз қиындықтарыңмен, реніштеріңмен ауырлатпа. Себебі «Не ексең соны орасың».
4. Балаңның қиын мәселелеріне аяқ асты қарама. Оның да өмірінде қиыншылықтар бар, мүмкін сіздікінен де көп шығар, себебіоның өмірлік тәжірибесі жоқ.
5. Балаңды кеміипе.
6. Есіңізде болсын – өмірдегі ең маңызды кездесулер – ол балалармен кездесу. Балаға көп назар аудару керек, себебі біз баланың жан дүниесінде не бар екенін білмейміз.
7. Балаң үшін бір нәрсе істей алмаймыз, сол үшін өзіңді кінәлама. Балаңа көмектесетін мүмкіндігің бола тұра көмектеспесең, сонда өз – өзіңді кінәлама.
8. Бала сенің барлық өміріңді алатын – жау емес. Бұл тек қана сенің өміріңнің жалғасы емес, ол – өмір саған сақтау мен қорғауға ұсынған қымбат гауһар тас – деп түсінуіңіз керек.
9. Өз балаңа басқалардың көзқарасы жақсы болсын десең, өзің де басқа балаларды жақсы көре біл.
10. Өз балаңның дарынсыздығына, өмірде жолы болмауына қарамай, жақсы көре біл. Балаңмен қарым – қатынасжасай отырып, әрдайым қуана біл, себебі балаң сен үшін – өмірлік мереке.
Ата-аналарға психологиялық кеңес
1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
Ата – аналарға кеңес

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.Ата-анаға

Категория: Ата-аналарға

 

Оқушыларға кеңес

Автор: admin от 15-11-2018, 05:34, посмотрело: 333

0 Оқушыға кеңес
Жоғарғы сынып оқушыларына кеңес. Стрессіз емтихан тапсыру
1. «Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есіңе ұста. Емтиханға дайындықты бастамас бұрын, барлық материалдарды қарап шығып, өзіңе таныс материалдарды қоя тұрып, жаңа, таныс емес тақырыпты оқудан баста.
2. Дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс. Жаңа және күрелі материалды жұмыс жасауға және ойлау қабілеті жоғары болатын тәулік уақытында оқы. Әдетте бұл жақсы демалыстан кейінгі таңертеңгі уақыт.
3. Сабаққа дайындалатын орынды әзірле. Ол үшін үстелдегі қажетті оқулықтардан (оқу құралдары, дәптерлер, қағаз, қарындаш т.б.) басқа артық заттарды алып таста. Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізуге болады, өйткені олар ойлау қабілетін жоғарылатады. Бұл үшін қабырға суреті немесе эстампа жеткілікті.
4. Емтихандарға дайындықты алдын ала, адап, бөліктеп, сабыр сақтай отырып баста. Дайындыққа жоспар құрастыр. Күнделікті дайындық жоспарын жасау барысында, дәл бүгінгі күні оқылатын материалды анықтап алу қажет. «Аздап дайындала тұрайын» демей, дәл қандай бөлім мен тақырыптар оқылатынын анықтап ал. Сонымен қатар ағза үйлесімдігін ескеріп, сабаққа дайындалу уақытын белгіле.
5. Қиын материалды есте сақтау үшін бірнеше қайтара оқу қажет, кешке және таңертең тағы да қайтала.
6. Белгілі тақырыптарды басынан аяғына дейін жаттап алмай жоспар жасау арқылы есте сақтауға болады.
7. Оқылатын материалды саны жетіден аспайтындай етіп, мағыналы бөліктерге бөлген жөн. Материалдың жалпы мағынасын бір сөзбен жеткізу үшін мағыналы бөліктерін кеңейтіп және жалпылау қажет. Мәтіндегі «жұлдыз», «ағаш», «жақша» т.с.с. типті схемалармен қысқартуға болады. Қабылдау және есте сақтау сапасы айтарлықтай жақсарады.
8. Мәтінді өз сөзіңмен әңгімелеп жеткізу, бірнеше қайталап оқығаннан гөрі есте сақтау қабілетін жақсартады. Жалпы айтқанда, кез келген мәтінмен аналитикалық жұмыс оның есте сақталуына әкеледі.
9. Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытында өз денсаулықтарыңды күтіңдер. Бұл уақытта уақытылы және жақсы тамақтану қажет. Серуендеу, спорттық ойын сауықтар жайлы ұмытпаңдар, үзіліс жасап белсенді көңіл аударыңдар. Жақсы тынығыңыз - ұйқы сіз үшін өте қажет. Емтихан алдында ұзақ уақыт дайындалып отырып қалмаңыз.
10. Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жасаңыз.

ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет
Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.
ҰБТ қарсаңында
Көбісі ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қатытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.
Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.
Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.
Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек.
Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.
Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
Депрессиялық шкала
Депрессиялық деңгей осы формула арқылы есептеледi: ДД = ПР + ОБР мұнда: ПР – сұрақтардың қосындысы: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 13, 15, 19. ОБР – сұрақтардың қосындысы: 2, 5, 6, 11, 12, 14, 16, 17, 18, 20. Жауапқа берiлген ұпай: А – 1 ұпай Б – 2 ұпай В – 3 ұпай Г – 4 ұпай ДД : 50 ұпайдан төмен – диагностикалық күйi депрессиясыз 50-59 ұпай арасында - женiл ситуативтi немесе невротикалық депрессия 60-69 ұпай арасында - субдепрессивтi күйi 70 ұпайдан жоғары - нағыз депрессилық күйдың диагностикасын көрсетедi. Өз мәселеңді дұрыс шеше аласыз ба? 1. Сіздің пікіріңіз бойынша, тағдыр...
1) сізді айналдырады -5
2) сізге әділетсіз -2
3) жақсы -1
2. Өзіңіздің жаман мәселеңіз туралы айтасыз ба?
1) жоқ, бұл сізге көмектеспейді -3
2) әрине, жақсы тыңдаушы болса -1
3) бәріне бірдей емес, ол туралы ойлау өзіме де қиын - 2
3. Қайғы, уайымды қалай қарайсыз?
1) әрқашанда өте ауыр –4
2) бұл жағдайға байланысты –0
3) шыдауға тырысамын, өйткені ерте ме, кеш пе мұндай жағдайдың бітетінін білемін –2
4. Егер сіз мүлдем "ащы суды” татпасаңыз келесі сұраққа көшіңіз. Егер ішсеңіз, не үшін ...
1) мұнда бар мәселені шешуге мүмкіндік бар -5
2) бір рет болса да "көңіліңді сергітесіз” –3
3) жәй ұнайды -1
5. Егер сізді біреу қатты жазаласа, не істер едіңіз?
1) үйде отырып, өз-өзімді аяймын –4
2) жақын жолдасыма барамын –2
3) көптен бері қол жетпеген қуаныш есебінде қабылдаймын -0
6. Егер жақын адамыңыз сізді ренжітсе, не істер едіңіз?
1) үндемеуге тырысамын –3
2) түсіндіруін талап етемін –0
3) тыңдаған адамның бәріне де айтамын –1
7. Бір сәт бақытты сезінсеңіз ойлаймын:
1) бақытсыздықтың болуы мүмкін емес деп –1
2) осы сәт тез өтіп кете ме деп қорқамын –3
3) өмірде көптеген қиындықтар барын да ұмытпау керек –5
8. Психиатр және психотерапевт туралы не ойлайсыз?
1) сіз олардың пациенті болғыңыз келмейді –4
2) олар көптеген адамдарға көмектесер еді – 2
3) адам өзіне өзі көп көмектесе алады –3
9. Жақын жолдасыңмен ұрысып қалсаңыз, ашуыңыз басылғаннан кейін не ойлайсыз?
1) бұрын арамызда не болғанын еске аламын –1
2) одан өшімді қалай алсам деп ойлаймын –2
3) оның қырсығына қанша шыдағаным туралы ойлаймын-3
Бәрін қосып, қанша ұпай жинағаныңызды қараңыз:
7-15 ұпай.
Сіз барлық қиындықтарға көне білесіз, өзіңізді өте аямайсыз. Сіздің көңіл – күйіңізге таңдануға болады.
16-26 ұпай.
Сіз тағдырға ренжисіз, бірақ мәселеріңізді өзіңіз шеше аласыз.
27-36 ұпай.
Сіз әлі өзіңіздің мәселелеріңізді шешуді үйреген жоқсыз.
Басса-Даркидің эмоциялық тесті
Шарты: Төмендегі тұжырымдарға келісетін болсаңыз "+" белгісін, ал келіспесеңіз "-" белгісімен белгілеңіз.
1.Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберуім мүмкін.
2.Заттарды лақтыратындай, ешқашан мен қатты тітіркенбеймін.
3.Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.
4.Егер мені дұрыс, жиі жақсылап өтінбесе, өтінішті орындамаймын.
5.Меніц ойымша тағдыр маған қатыгез сияқты.
6.Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
7.Егер басқалар сөз-таласта менімен келіспесе, мен айтысудан бас тартпаймьн.
8.Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ұжданымньң алдында қатты азаптанамын, қысыламын, ұяламын.
9.Басқа адамға мен қол көтеруге қабілетті емес сияқтымын.
10.Мен ашуланғанда, есікті сарт еткізіп жабамын.
11.Кейде адамдар мені өзінің қатысуымен ашу-ызамды келтіреді.
12.Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.
13.Кейде мені қызғаныш мазалайды.
14.Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.
15.Менің құқығымды басқалар сыйлағанды талап етемін.
16.Кейде менің ойыма өзім ұялатын ойлар келеді.
17.Мені төбелеске дейін жеткізуге қабілетті адамдарды білемін.
18.Кейде мен ашу-ызамды төбелес арқылы көрсетемін.
19.Мен өзімді жиі атылуға дайын оқ ретінде сезінемін.
20.Егер біреу өзін бастық сияқты көрсеткісі келсе әрқашан мен оған қарсы тұрамын.
21. Мені барлық болмысыммен жек көретін адам жоқ.
22.Көбі маған қызғанышпен қарайды.
23.Егер мен қатты ызалансам да балағат сөзге жақындамаймын.
24.Жұмыстан қашатын адамдар өздерінің кінәсін байқап сезу керек.
25.Егер маған біреу қол жұмсаса да, мен сирек жауап қайырамын.
26.Қатты ызаланғанда бірінші қолыма түскен затты алып, сындырғанымды есіме түсіре аламын. 27.Өзіме ұнамсыз адамдарға қатынасым дөрекілеу көзқарастамын.
28.Маған бұйрық беріп сөйлесе, ештеңс жасағым келмейді.
29.Басқаларға деген жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын.
30.Кейде мені мазақ қылатын сияқты.
31.Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын.
32.Өз ата-анам үшін аз көмек тигізгенім мені қатты толғандырады.
33.Маған біреу қол көтерсе, мен оған жауап қайтармаймын.
34.Дау барысында мен жиі дауысымды көтеремін.
35.Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.
36.Адамдар өздерін бастық ретінде көрсетсе, мен қалайда болса мен-менсіп кетпеуіне жағдай жасаймын.
37.Мен әрқашан да жақсы еңбегіме лайықты баға ала алмаймын.
38.Маған өштесіп, зиян келтіретін жауларым жоқ.
39.Мен жиі адамдарды жәй ғана айтып қорқытқанмен, оны орындамаймын.
40.Мен жасаған істеріме көбіне өкінемін.
Жауап бланкісі Ұпайлардың қосындысы 1+ - 9+ - 17+ - 25+ - 33+ - 2+ - 10+ - 18+ - 26+ - 34+ - 3+ - 11+ - 19+ - 27+ - 35+ - 4+ - 12+ - 20+ - 28+ - 36+ - 5+ - 13+ - 21+ - 29+ - 37+ - 6+ - 14+ - 22+ - 30+ - 38+ - 7+ - 15+ - 23+ - 31+ - 39+ - 8+ - 16+ - 24+ - 32+ - 40+ -
Кілті: . 1. Физикалық агрессия 1 - 9 17 -25 -33 2. Жанама агрессия -2 10 18 26 34 3. Тітіркенушілік 3 11 19 27 -35 4. Негативизм 4 12 20 28 36 5. Өкпелегіштік 5 13 -21 29 37 6. Күдіктенушілік 6 14 22 30 -38 7. Вербаліьді агрессия 7 15 -23 31 39 8. Кінәні сену 8 16 24 32 40 Сәйкес келеген таңбаларға бір ұпайдан беріледі және ұпайларды бір-біріне горизонтальді тұрғыда қосып, қосындысын "Ұпайлардың қосындысы" бағанына жазу қажет. Өңдеу кезінде эксперимент жүргізуші (зерттеушіні) зерттелушінің иителлектік деңгейі емес, оның мінезіндегі эмоция

Категория: Оқушыларға

 
Назад Вперед